8 (7182) 651265 8 (7182) 651210
«Срок выполнения заданий І тура областной заочной школы «Жас кемеңгер»»
Автор: РУМЦДО "Ертiс дарыны"
13-10-2020 16:40
Срок выполнения заданий І тура областной заочной школы «Жас кемеңгер»

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ғы ауыл мектептерінің 5-7 сынып оқушыларына арналған «Жас кемеңгер» облыстық сырттай оқу мектебінің І тур тапсырмаларын орындау мерзімі 2020 жылғы 14-ден 31-ші қазан аралығында өтетінін хабарлайды.

            «Жас кемеңгер» мектебінің тапсырмалары www.ertisdaryn.kz  сайтында «Біздің мектептер» блогінің «Жас кемеңгер» бөлімінде орналасқан. Қазақ тілінде оқитын оқушылар тапсырмаларды қазақ тілі, математика, жаратылыстану (5-6 сынып)  және биология (7 сынып) пәндері бойынша, орыс тілінде оқитын оқушылар тапсырмаларды орыс тілі, математика, жаратылыстану (5-6 сынып) және биология (7 сынып) пәндері бойынша орындайды. 2020 жылдың 31 қазаннан кейін жіберілген жұмыстар қабылданбайды.

Ескерту: Екібастұз және Ақсу қалалары үшін – тек ауылдық жалпы білім беру мектептерінің оқушылары.

            Тапсырмалар Microsoft Word,  14 шрифт, Times New Roman форматында келесі электрондық пошталарға жіберіледі:

Қазақ тілі  -zhk.kazaktili@bk.ru

Орыс тілі  -zhk.orystili@bk.ru

Математика қазақ тілінде - kazaksha.matematika@bk.ru

Математика орыс тілінде -zhk.matematika@bk.ru

Жаратылыстану - zhk.zharatylystanu@bk.ru

Естествознание - yestestvoznaniye@bk.ru

Биология қазақ тілінде - biologiya.kaz@bk.ru

Биология орыс тілінде - zhk.biologiya@bk.ru

 

«Жас кемеңгер» мектебінің оқушылар тізімі қосымша береледі (1 Қосымша).