8 (7182) 555058 8 (7182) 551038
«І республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» конкурсының қорытындысы»
Автор: РУМЦДО "Ертiс дарыны"
17-05-2019 12:53
І республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары»  конкурсының қорытындысы

Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласын жүзеге асыруда ұлы бабаларымыздың есімдерін келешек ұрпаққа үлгі тұту, Машһүр-Жүсіп Көпейұлы мұраларын кеңінен насихаттау мақсатында 2019 жылғы 15-16 мамыр аралығында алғаш рет Павлодар қаласында дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында І республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» конкурсы өтті. Конкурсқа 12 облыстан 56 оқушы 4 бағыт бойынша ұлы баба мұрасынан өз білгендері мен ойға түйгендерін, болашақ қоғамға керек дегендерін ортаға салды.

Республикалық конкурсты Павлодар облысы білім беру басқармасы, тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Қазылар алқасының шешімі негізінде 28 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: Бас жүлде – 4, І орын - 4, ІІ орын - 8, ІІІ орын - 12.

Павлодар облысы білім беру басқармасы Бас жүлде иегерлеріне – ұялы телефон, І орынға – POWER BANK, ІІ орынға - «Суретті өнер тарихы» энциклопедиясын; ІІІ орынға «Ғылым жыл өткен сайын» энциклопедиясын сыйлыққа тарту етті. С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің оқу гранты ерекше көзге түскен Ы.Алтынсарин ат. гимназия интернатының 11 сынып оқушысы Тұрсынхан Райымбекке табысталды.

«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»мүшәйрасындаБас жүлдені Ы.Алтынсарин ат. облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Гульнара Жанболат; І орынды – Ақтөбе қ. М.Арын ат. орта мектебінің 11 сынып оқушысы Тауекелов Нурсерик; ІІ орынды - Маңғыстау облысы Ақшұқыр мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Қанжарұлы Мадиасқар; Нұр-Сұлтан қ. №55 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Оркенқызы Аяулым; ІІІ орынды - Алматы облысы Іле ауданы №19 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Кенесбаева Айнұр; Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №80 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Шалбай Аяжан; Абай ат. республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Абитилда Нұрислам иеленді.

«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» атты ғылыми жоба қорғауда Бас жүлдеге Ы.Алтынсарин ат. гимназия интернатының 11 сынып оқушысы Тұрсынхан Райымбек; І орынға - Нұр-Сұлтан қ. №58 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сайлауқызы Мадина; ІІ орынға – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы М.Әбдіхалыков ат. мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Жарылғапова Саягүл; Алматы қ. №149 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Манас Құралай; ІІІ орынға - Қостанай облысы Рудный қ. №7 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Алпамысова Инеш; Ақтөбе қ. М.Құсайынов ат. облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Мұхит Ақбөбек; Қарағанды облысы №23 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жаканова Раушан ие болды.

«Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» атты эссе жазуда Бас жүлденіПавлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Қайырбаева Айдана; І орынды – Алматы қ. №12 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мейірханова Алма; ІІ орынды- Қызылорда облысы №123 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бақытжан Аружан; Маңғыстау облысы №16 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Шахи Әмина; ІІІ орынды - Қостанай қ. №7 мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы Утемуратова Ләззат; Павлодар облысы Ақсу қ. №1 орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Жусупова Ақбөпе; Астана қ. №2 мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Іңкарқызы Жансая жеңіп алды.

 «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері»  бағытында Бас жүлде иегері –Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №274 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Налибаева Зарина; І орын- Ақтөбе облысы Ембі қ. №1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Кенжебай Жансәуле; ІІ орын - Қостанай облысы Рудный қ. №7 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Маликова Аида; Қарағанды облысы №23 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Зурман Хайрол; ІІІ орын - Абай ат. республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Жолдыбай Мерей; Алматы облысы Іле ауданы №19 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Базарбай Айгерім; Маңғыстау облысы Ақшұқыр мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Ізтілеуова Данагүл.

Арнайы номинациялармен Алматы қ. №108 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жеткеев Қайсар; Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Тұрғанбек Ақжүніс; Екібастүз қ. №26 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Төлеген Ұлпан; Семей қ. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы Ғылымбеков Айдос; Алматы облысы Іле ауданы №19 орта мектебінің 10 сынып оқушысы  Тұрлықоджа Айнұр; Екібастұз қ. «Зерде» мектебінің 9 сынып оқушысы Мұхтарбек Әсел; Нұр-Сұлтан қ. №57 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Юнусова Фариза; Ақмола облысы №2 мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Қуанышева Мадина марапатталды.

Павлодар облысының тілдерді дамыту басқармасы Бас жүлде иеленген оқушыларды дайындаған мұғалімдерге Алғыс хат және «Әлихан Бөкейхан» энциклопедиясын табыстады: Ы.Алтынсарин ат. гимназия-интернатының мұғалімдері Тұрғанбек Асхат және Мухаметжанова Райгуль Жетписовна, Қызылорда қ. № 274 орта мектебінің мұғалімі Демеуова Марихан Бериковна, Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Ахметжанова Назаргуль Қабылқызы.

Республикалық шара ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға сертификат, естелік жинақ-кітапша табыстап, Павлодар қаласының көрікті жеріне саяхат өткізді.